Колледж Евразийского гуманитарного института

Официальный сайт колледжа ЕАГИ

  • Лицензия

    ISO 123 - 2020
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B № 0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

«Ел ертеңі – білімді жастар»

«Ел ертеңі- білімді жастар» атты «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» онкүндіктін ашылуы 19 желтоқсан күні өткізілді. Ашылуында 2019 жыл жастар жылы деп жарияланғаны аталып өтіп, Елбасының бастауына қолдау көрсетілді. Аталған іс- шара ұстаздар мен студенттердің бірлесуімен жоғары деңгейде өтті.
21 желтоқсан болашақ мамандарымыз М.Монтессори орталығына тәжірибе бөлісуге барып орталықтын әдістемелерімен танысып тын материалдармен жұмыс жасаудын қыр-сырына қанықты.
25 желтоқсан «Қош келдің, Жаңа жыл » атты кішкентай бүлдіршіндерге арналған ертенгілік өткізілді. Бұл кеш балаларға мерекелік көніл-күй сыйлап, ертегілер елінде жүргендей әсерге бөледі. Осы кеште куыршақ театры үйірмесінің балаларға арналған «Маша мен аю» ертегісі қойылып балаларды тан-тамаша етті.
26 желтоқсан он саусағынан бал тамған студенттеріміздің қолынан шыққан мерекелік кәде сыйлар мен таттілер қойылған «Жана жылдық тосын сый» жәрменкесі откізілді. Жәрменкеге көздің жауын алатын жана жылдық сыйлар қойылды.
27 желтоқсан «Біз әртүрліміз және кереметпіз» коммуникативті ойын тренингі. Тренинг жоғары деңгейде өткізілді. Колледжіміздің студенттері тренингте балалармен тығыз қарым-қатынас жасап, көнілдерін көтеріп әртүрлі ойындармен балалардын жан-жақты болуына ықпал жасады.
27 желтоқсан «Ең үздік тәрбиеші» байқауы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығынын студенттері арасындағы өткізілген байқау. Байқауға сегіз қырлы, бір сырлы студенттеріміз, нағыз маман екендіктерін дәлелдеп сайысқа түсті.
29 желтоқсан «Ел ертеңі, білімді жастар »атты мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығынын он күндігнің жабылуы өтті. Жабылуында он күндік барысында белсенділік танытып, ат салысқан студенттер марапатталды. Он күндік жоғары деңгейде откізіліп, мамандықтын беделін одан әрі асқақтата түсті.