Колледж Евразийского гуманитарного института

Официальный сайт колледжа ЕАГИ

  • Лицензия

    ISO 123 - 2020
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B № 0128 от 23 декабря 2019 года

Қалай ол болды? 2007 жылы 30 мамыр…

Жаңа білім ошағының туған күні-Еуразия гуманитарлық институты колледжінің ашылған күні. Жаңа оқу орнынының негізгі ашылу мақсаты, заман талабына сай және сұранысқа ие болатын, қабілетті мамандарды дайындау – Еуразия гуманитарлық институтының ректорына тиесілі. Колледждің өркендеуіне елеулі үлес қосқан Еуразия Гуманитарлық Институтының ректоры А.К.Кусаинов, бірініші проректор А.Ж.Исмаилов, оқу және ғылыми – әдістемелік жұмыстың проректоры К.А.Ахметов, әлеуметтік-экономикалық сұрақтары бойынша проректор С.С.Оспанов. 2007 жылдың 1 қыркүйегінде ЕАГИ колледжінің алғашқы қоңырауы соғылды. Колледждің педагогикалық құрамы небәрі 17 оқытушыдан тұрып, оның басшысы Аширбекова Алма Дайырқызының бастауымен колледжіміздің есігі алғашқы 222 талапкермен ашылып, колледжіміздің жаңа өмірі тарихы басталды.
Алғашқы оқу жылында 1 курстар арасында интелектуалдық олимпиадалар, студенттер парламентін сайлау, колледж күнін тойлау ерекше есте қалды. Жаңа жарқын беттерден колледжіміздің тарихы осылайша басталды.

Біз туралы

ЕАГИ колледжі – орта кәсіптік білім алуға ұмтылған, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің жұмыс жасауына бағытталған оқу орны.

Еуразия гуманитарлық институтының базасында үздіксіз кәсіби білім алуға жағдай жасалған.
Колледж ашылған күннен бастап экономиканың әртүрлі салаларында табысты қызмет ететін екі мыңнан астам мамандарды даярлады.

Колледждің оқу-өндірістік жұмысы модульдік-құзыреттілік тәсілге негізделген, аса маңызды және жауапты ретінде, басымдығымен бағаланады.

Тәрбие үрдісі жеке тұлғаны әлеуметтендіру Бағдарламасының міндеттерін шешеді.

Колледждің алтын құндылығы – колледждің Оқытушылары! Олар студенттерге деген сүйіспеншілігімен, дүниетанымымен, кәсіпқойлылығымен, немқұрайлы, бейжай қарамайтын және әрдайым көмектесуге дайын ниетімен ерекшеленеді.

Ұжымның 72 пайызы – жоғары және бірінші санатты оқытушылар. Олар тек пән мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар колледждерді аттестаттау және аккредиттеу жөніндегі комитеттердің сарапшылары, ғылыми-әдістемелік іс-шаралардағы рецензенттер мен кеңесшілер. Олардың жетістіктері «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы», «Білім берудегі үздіктер»» атты халықаралық энциклопедияларға енгізілген.