Колледж Евразийского гуманитарного института

Официальный сайт колледжа ЕАГИ

  • Лицензия

    ISO 123 - 2020
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B № 0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Тәжірибені қорғауы

2019 жыл 18 қазан күні ЕАГИ колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 4-ші курс струденттері тәжірибе қорғауын өткізді. «Баланың мектептегі алғашқы күндері» атты тәжірибе 02.09-14.09.2019ж. аралығында өткізілді. Тәжірибенің мақсаты балалардың жаңа ортаға бейімделу кезеңінің ерекшеліктерін бақылау, балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің мазмұны туралы білімдерін тереңдету.

«Білім алушының таңдау тәжірибесі Психолог тәжірибесі» 23.09-04.10.2019ж. аралығында өткізілді. Бұл тәжірибенің мақсаты мектепке дейінгі мекемелерде психологтардың кәсіби қызметтерінің ерекшеліктері, міндеттері мен дағдылары туралы идеяларды қалыптастыру. Тәжірибе қорғауы мастер-класс түрінде өтті. Осы қорғауға екінші және үшінші курс студенттері, колледж педагогтары және «Аяжан» балабақшасының психологы мен тәрбиешісі шақырылып, олармен өз білімімізбен бөлістік. Студенттер 4 топқа бөлініп «Аяжан» балабақшасының «Жас дәурен» мектеп алды даярлық тобынан келген балаларға психодиагностика, сергіту сәттерін өткізіп, педагогтармен тренингтер, Монтессори технологиясы арқылы жұмыстар жүргізді. Студенттер өз қолдарынан жасаған дидактикалық құралдар ұсынды. Педагогтардың қортындылары бойынща тәжірибе қорғауы жоғары бағаланды.
Тәжірибе жетекшісі: Сембина Сандуғаш Аманқызы