Колледж Евразийского гуманитарного института

Официальный сайт колледжа ЕАГИ

  • Лицензия

    ISO 123 - 2020
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B № 0128 от 23 декабря 2019 года

Өтініш беру кезінде қандай құжаттар қажет?

  • Құжаттарды қабылдауға өтініш;
  • Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • 4 дана көлеміндегі 3х4 см өлшемді фотосуреттер
  • Медициналық анықтама (N 086у нысаны), I және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін, 088-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
  • Жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін);
  • Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Қабылдау комиссиясиясының жұмыс кестесі?
Дүйсенбі – Жұма 09.00 сағ – 18.00 сағ
Сенбі – 09.00 сағ – 14.00сағ
Жексенбі – демалыс күні

Құжаттарды қалай тапсыруға болады?

  • Колледжге қағаз түрінде құжаттарды тапсыру
  • «Электрондық үкіметтің» EGOV.KZ веб-порталы арқылы

Шетелдік азаматтарды қабылдау шарттары қандай? Оларға қандай құжаттар қажет?

  • Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар сондай-ақ олардың мәртебесін анықтайтын құжатты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы жазбамен бірге ұсынады:
  • Шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
  • Азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
  • Босқын – босқын куәлігі;
  • Пана іздеуші – пана іздеушінің куәлігі;
  • Оралман – оралман куәлігі

Қаладан тыс келген студенттерге жатақхана беріле ме?
Жатақхана күндізгі оқытудың бірінші жылында оқитын барлық қаладан тыс келген студенттерге бюджеттік және ақылы негізде оқудың барлық кезеңінде беріледі

Сізде оқу ақысы бойынша жеңілдіктер бар ма?

  • Оқу семестрінің соңында жақсы оқитын студенттерге жеңілдік қарастырылған – 10%
  • Бір отбасы балаларына – 10%
  • 1 және 2 топтағы мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге – 10%
  • Жетім балаларға – 20%.

Колледжді бітірген кезде қандай құжат беріледі?
Колледжді бітіргеннен кейін орта кәсіптік білім туралы мемлекеттік диплом беріледі.