Алғашқы педагогикалық практиканың қорытындысы
Педагогикалық тәжірибе өзін-өзі тәрбиелеу мен болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын ынталандыратын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бұл тәжірибе студентке коммуникативті, гностикалық, зерттеулік, интегративті құзіреттіліктерді игеруге көмектеседі.
0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының, 0111083″шет тілі мұғалімі» біліктілігінің үшінші курс студенттері 29.11.2021 – 8.01.2022 аралығында Нұр-сұлтан қаласының №30 мектеп-гимназиясында алғашқы педагогикалық практикадан өтті. Практика барысында студенттер мектептегі оқу процесінің құрылымымен және «білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру» педагогикалық құзыреттілігінің негіздерімен танысты.
Өндірістік тәжірибенің арқасында Ияр-31 тобының студенттері өздерінің теориялық білімдерін өндірісте апробациялай алды.
Практиканы қорғау барысында студенттер өздерінің алған білімдерін көрсетті, мектеп мұғалімдері практиканттардың педагогикалық қызметіне оң баға берді. Әрбір студент өзінің алғашқы педагогикалық тәжірибесі мен педагог-практиканттың әдістемелік портфолиосымен таныстырды. Студенттер әдістемелер мен теориялық зерделеудің практикада қолданғаннан кейін ғана түсінікті болады деген пікірді бірауыздан білдірді.