Колледж Евразийского гуманитарного института

Официальный сайт колледжа ЕАГИ

  • Лицензия

    ISO 123 - 2020
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B № 0128 от 23 декабря 2019 года

Жас педагог мектебі

«Жас мамандар мектебі» – жаңа кәсіби жағдайға бейімделу кезінде жас мамандарға  қолдау көрсетеді. ЖММ құрамы – 9 жас маман оқытушылардан құралған. ЖММ – жетекшісі Дощанова Гульмира Кушековна.
     ЖММ қызметінің мазмұны  төмендегі маңызды тақырыптарды қамтиды:
–    «Сабақтың дидактикалық негіздері»;
–     «Жалпы және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін оқытудың белсенді нысандары мен құралдарын пайдалану»;
–    «Оқытушының басқару іскерліктері және олардың одан әрі даму жолдары»;
–    «Студенттердің білім деңгейін бағалаудың заманауи тәсілдері».
ЖММ жұмысының  келесі бағыттарын   атап өтуге болады:  жас мамандар бейімделу кезеңі, психологиялық қолдау көрсету, өз білімін жетілдіруге бағыттау,  кәсіби коммуникациялық қарым- қатынас ұйымдастыру.
Жас мамандардың бейімделу  кезеңі  төмендегі  жұмыстарды қамтиды:
1.    Сауалнама жүргізу (жыл басындағы  жұмыстағы қиындықтарды анықтау);
2.    Жас мамандарға тәлімгерлерді бекіту;
3.    Педагогикалық шеберліктің диагностикалық картасын толтыру.
     Кәсіби қарым-қатынас байланысын ұйымдастыру жұмысы- кәсіби педагогикалық байланыс жасаудан басталады:
а) тәлімгермен – тақырыптық, күнтізбелік жоспар құруға көмектесу, өзара сабаққа қатысу кеңестермен алмасу
ә) ПБК- мүшелерімен
б) әкімшілікпен
в) студенттер және олардың  ата- аналаларымен