Пвр-21 тобының студенттері Бейбітшілік және келісім сарайында Леонардо да Винчидің әйгілі көрмесіне қатысып, «Графикалық интерфейстің жеке элементтерін жасау» кәсіби Модулінің көшпелі сабағын өткізді! Студенттер Ұлы Флоренция шеберінің мұрасына арналған ауқымды көрмеге қатысты. Экспозиция болашақ заңгерлерге Ренессанс идеяларының бес ғасырдан кейін металл мен жарыққа қалай енетінін көруге мүмкіндік берді. Көрмеде Леонардо да Винчидің түпнұсқа сызбалары мен кодтары бойынша ғылым тарихшылары қайта
2026 жылғы 4 қыркүйекте Евразия гуманитарлық институты жоғары колледжінің акт залында жас педагогтерге арналған «Балансты қалай сақтау керек және күйіп кетпеу жолдары» тақырыбында практикалық тренинг өтті. Ирараның спикері ретінде ICBT Халықаралық мектебінің бизнес-тренері Рахымжан Айгүл Хамитқызы сөз сөйледі. Жас оқытушылармен өткен тренингтің басты мақсаты — оқытушылардың менталды денсаулығы мен ішкі ресурсына қамқорлық жасау болып табылады, бұл білім берудің жоғары сапасын
Колледжімізде дәстүрлі түрде өткізілетін “Miss College” ішкі байқауы биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы болды. Бұл шара студент қыздардың сұлулығын ғана емес, олардың ақыл-парасатын, өнерін және жан-жақтылығын танытуға бағытталды. Байқауға колледжіміздің әртүрлі бөлімдерінен ең үздік, белсенді және талантты студенттер қатысты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, шығармашылық өнер көрсету, сән үлгісі . Әр кезеңде қыздар
Колледжімізде оқытушыларға арналған маңызды әрі мазмұнды лекция ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға тәжірибелі теолог мамандар арнайы шақырылып, қазіргі қоғамдағы өзекті рухани-адамгершілік мәселелер төңірегінде ой қозғады. Лекция барысында діннің қоғамдағы рөлі, жастар тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңызы, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Теологтар ұстаздарға студенттермен жұмыс барысында кездесетін түрлі жағдайларда дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарын түсіндірді. Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, оқытушылар
2026 жылғы 21–25 наурыз аралығында Еуразия ұлттық университеті базасында студенттер арасындағы спорттық туризм бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік студенттік командалар қатысып, жоғары дайындық деңгейін, төзімділікті және командалық рухты көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Еуразия гуманитарлық институты Жоғары колледжінің «Арлан» командасы жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді, ал «Астана Арлан» командасы 3-орынға ие болды. Қатысушыларды жоғары спорттық нәтижелерімен
Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжі мен Каспий өңірі «Болашақ» колледжі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум білім беру саласындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға, ғылыми-практикалық тәжірибе алмасуға және мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Ынтымақтастық аясында бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.
Колледжімізде 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай студенттер ерекше шара ұйымдастырды. Бұл күні студенттік парламент барлық колледж ұстаздарына өз қолдарымен жасалған гүл сыйлап, жылы құттықтау білдірді. Іс-шара барысында студенттер концерттік бағдарлама дайындап, әсем әндер айтып, көңілді билер биледі. Қонақтарымызды жылы жүзбен қарсы алып, олардың көңілін көтеруге барынша тырыстық. Студенттердің өнер көрсетулері қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфераны толықтырды. Сонымен қатар,
Жақында колледжіміздің студенттері ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған орталыққа арнайы барып, концерт ұйымдастырды. Бұл іс-шара студенттердің шығармашылығын көрсетуге, ал қарттарымызға қуаныш пен жылы көңіл сыйлауға бағытталды. Концерт барысында студенттер әсем әндер шырқап, көңілді билер билеп, әртүрлі көріністер қойды. Сонымен қатар, орталықтағы қарттармен бірге ойындар ойнап, жылы әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік берілді. Бұл шара қатысушылардың көңілін көтеріп, бір-біріне жақын болуға жағдай жасады. Іс-шара
Колледжімізде студенттік парламентің бір жылдық жұмысына арналған есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл шара студенттердің шығармашылығын, белсенділігін және ұйымшылдығын көрсететін маңызды мәдени-тәрбиелік іс-шаралардың бірі болды. Концерттің негізгі мақсаты – студенттік парламенттің атқарған жұмыстарын қорытындылау, оқу жылы бойындағы жетістіктерді көрсету және студенттердің өнерін көпшілікке таныстыру болды. Іс-шара барысында студенттік ұйымдардың жыл бойы жүзеге асырған жобалары мен бастамалары таныстырылып, белсенді
Колледжімізде қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – зайырлы мемлекет жағдайындағы діни құндылықтардың орны мен маңызы тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар зайырлы мемлекеттің негізгі ұстанымдары, дін мен мемлекеттің арақатынасы, діни құндылықтардың адамгершілік тәрбиедегі рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар