Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

«Байқау және бақылау» конференциясы

Кял тобы 2курс студенттері алғашқы кәсіби тәжірибелерін 01.03.21ж- 27.03.21ж аралығында өткен  болатын. Бүгін   Кял- 21 тобы студенттерінің «Байқау және бақылау» атты тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.  Кял тобы студенттері алғашқы тәжірибелерін онлайн және офлайн форматта өткен болатын. Студенттер жоспарларын екі жағдайда талдай отырып, тиімділігі мен кемшіліктеріне  де талдау жасай алды. 2 курс студенттері тәжірибе барысында жинақтаған білімдері мен біліктіліктерін жақсы деңгейде

By - Колледж ЕАГИ

Өмір, мен сені сүйемін!

15-26 наурыз аралығында «Өмірге ИӘ деп айт!» қалалық акция шеңберінде біздің колледжде жасөспірімдерге қиындықтарды жеңуге, өмірдің жаңа жағдайларына бейімделуге, әлемді жарқын түстермен көруге көмектесетін іс-шаралар өтті. «Өмір, мен сені сүйемін!» тақырыбында өмірге деген көзқарастарын қағаз бетіне түсіріп, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Өмір неткен тамаша!» тақырыбында ұстаздар мен студенттер арасында сұхбат жүргізіліп, студенттер өздерінің авторлық өлең жолдарын жария етті.

By - Колледж ЕАГИ

Президентті және Студенттік Парламенттің жаңа құрамын ұлықтау рәсімі

12 наурыз күні Еуразия гуманитарлық институтының колледжінде Президент пен Студенттік Парламенттің жаңа құрамын ұлықтау рәсімі өтті. ПДк-11 тобының студенті Жанысбек Бекзат ант беріп, ЕАГИ колледждің президент қызметіне ресми түрде кірді.

By - Колледж ЕАГИ

Президенттік сайлау

10 наурызда Еуразия гуманитарлық институты колледжінде Президент пен колледж Парламентінің жаңа құрамын сайлау өтті. Дауыстарды санау қорытындысы бойынша ЕАГИ колледжінің жаңа президенті болып «Аударма ісі» мамандығының бірінші курс студенті Жанысбек Бекзат сайланды.