Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Мисс колледж 2026

Колледжімізде дәстүрлі түрде өткізілетін “Miss College” ішкі байқауы биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы болды. Бұл шара студент қыздардың сұлулығын ғана емес, олардың ақыл-парасатын, өнерін және жан-жақтылығын танытуға бағытталды.
Байқауға колледжіміздің әртүрлі бөлімдерінен ең үздік, белсенді және талантты студенттер қатысты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, шығармашылық өнер көрсету, сән үлгісі . Әр кезеңде қыздар өздерінің ерекше қабілеттерін дәлелдеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Қазылар алқасының шешімі бойынша үздіктер анықталып, арнайы номинациялармен марапатталды. Ал бас жүлде иегері Мұғұсн Саида “Miss College 2026 ” атағына ие болып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.