Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Колледжде ұстаздарға арналған тағылымды лекция өтті

Колледжімізде оқытушыларға арналған маңызды әрі мазмұнды лекция ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға тәжірибелі теолог мамандар арнайы шақырылып, қазіргі қоғамдағы өзекті рухани-адамгершілік мәселелер төңірегінде ой қозғады.

Лекция барысында діннің қоғамдағы рөлі, жастар тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңызы, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Теологтар ұстаздарға студенттермен жұмыс барысында кездесетін түрлі жағдайларда дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарын түсіндірді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, оқытушылар өздерін толғандырған сауалдарға нақты әрі тұшымды жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, жастарға сапалы тәрбие беруге үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.