Бірінші педагогикалық тәжірибе
01140600 “Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқыту”, Біліктілігі: 4S01140605 “ Шетел тілі мұғалімі”мамандығы бойынша 2 курс студенттері 15 мамыр мен 27 мамыр аралығында №31 мектеп гимназиясында және Ұлттық ұстаз “Business Engineering “ мектебінде «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» практикасынан, 29 мамыр мен 24 маусым аралығында “FIESTA педагогикалық жасағында “Думан”педагогикалық жасағында “ Сауықтыру лагеріндегі” жазғы практикадан өтті. Тәжірибе жүзінде практикант-студенттер мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасау принциптерімен танысты. Оқу үдерісіне қатысу нәтижесінде өздеріне деген жауапкершілікті сезіне білді. Озық әдіс-тәсілдерді қолдануды, теорияны іс жүзінде пайдалану біліктілігін жақсартты , балалармен қарым-қатынас орнатуды үйренді. Бұл тәжірибе студенттердің өз мамандығына деген құштарлығын көрсетіп, таңдауының дұрыстығын дәлелдеді.