МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТА ДӘРІС!
17 қаңтарда колледжімізде «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Нашақорлықты тұтыну және таратудың құқықтық аспектілері» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті. Дәрісті Астана қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жұмабеков Қ. өткізді.
Кездесу барысында талқыланған мәселелер:
• нашақорлықты қолдану және таратудың құқықтық салдары;
• есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары;
• заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік және жастарды қылмыстық схемаларға тартудың алдын алу жолдары.
Студенттер бұл мәселеге назар аударып, өз ортасына мұқият қарауға көмектесетін маңызды ақпарат алды.
Жұмабеков Қ.-ға қызықты және мазмұнды дәрісі үшін алғысымызды білдіреміз! Мұндай кездесулер құқықтық сананы қалыптастыруда және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау тәрбиесінде маңызды рөл атқарады.