Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Педагогикалық рефлексия іс жүзінде!

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенттері «Педагогикалық рефлексия» атты бірегей педагогикалық тәжірибеден өтті. Бұл практика «GvidonTour» туристік компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Дәстүрлі сабақтардың орнына – Астана кәсіпорындарына кәсіби бағдар беру турлары өткізілді!
Студенттер қандай жұмыстар атқарды?
• Қаланың жетекші кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастырды.
• Мектеп оқушыларының болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесті.
• Педагогикалық және ұйымдастырушылық дағдыларын дамытты.
Бұл мемлекеттік жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, білім, туризм және кәсіби бағдарды тиімді біріктірудің жарқын үлгісі болды!
Практика қорғау барысында «GvidonTour» компаниясының директоры Верницкая Т.С. қатысты.