Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

«Қонақжайлылық: кеше, бүгін, ертең» телемосты – ЕАГИ Жоғары колледжінде

2025 жылғы 19 қарашада ЕАГИ Жоғары колледжінде Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Қонақжайлылық: кеше, бүгін, ертең» атты телемост өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары мен қонақжайлылық индустриясының өкілдері арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту.

Айта кетсек, іс-шараның басты мақсаты болып, студенттердің кәсіби құзыреттерін кеңейту, жұмысшы мамандықтарын насихаттау және білім беру мен қонақжайлылық индустриясы арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту анықталды.

Қатысушылар:
• Қазақстандық туристік ассоциация
• Қазақстандық қонақ үйлер мен ресторандар ассоциациясы
• Алматы технологиялық колледжі
• Алдыңғы қатарлы қонақ үйлер: Beijing Palace, Ramada by Wyndham, Grace Point, Kazzhol Astana
• Туристік компаниялар: «Бархатный сезон», Gvidon tour, Astana tour

Телемост бағдарламасы:
• «Қонақжайлылық аумағы: тәжірибе, мансап, шабыт» дискуссиялық панелі – студенттер мен қонақжайлылық индустриясының түлектері мен жұмыс берушілерінің интерактивті кездесуі.
• Қонақ дәрістері – туристік компания «Бархатный сезон» және «Grace Point» қонақ үйінің өкілдерімен диалог.
• «Қонақжайлылық интеллектісі: адам және технологиялар» алаңы – білім беру мен сервис саласында жасанды интеллектіні практикалық қолдану.
• Қазақстандық туристік ассоциация және Қазақстандық қонақ үйлер мен ресторандар ассоциациясының төрайымы Р.Р. Шайкенованың онлайн қатысуымен “Қонақжайлылық индустриясын дамыту векторлары» онлайн-кездесуі.

Телемост «Бос уақыт» сессиясымен аяқталды, бұл қатысушыларға бейресми түрде қарым-қатынас жасауға және кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Телемост студенттерге әлеуетті жұмыс берушілермен тиімді диалог орнатуға, кәсіби құзыреттерін кеңейтуге және қонақжайлылық индустриясының заманауи дамуы туралы толық түсінік қалыптастыруға жағдай жасады.