By -
Колледж ЕАГИ
«Білім мен желі: Таңдау сенде» пікірталас турнирі
2025 жылдың қараша айында Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде студенттер арасында зияткерлік деңгейі жоғары, мазмұны терең дебаттық турнир өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жастардың сыни ойлауын дамыту, сөз мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша көзқарасын еркін жеткізе білуіне мүмкіндік беру.
Дебатқа колледждің әртүрлі мамандықтарынан құралған бірнеше топ қатысты. Студенттер өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізіп, қарсы жақтың пікіріне қарсы логикалық түрде жауап бере білді. Пікірсайыс барысында қатысушылар қоғамдық, әлеуметтік, экологиялық және білім саласына қатысты түрлі мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарын талқылады.


