Жылы жүрекпен –зейнеткерлерге арналған концерттік бағдарлама
Жақында колледжіміздің студенттері ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған орталыққа арнайы барып, концерт ұйымдастырды. Бұл іс-шара студенттердің шығармашылығын көрсетуге, ал қарттарымызға қуаныш пен жылы көңіл сыйлауға бағытталды.
Концерт барысында студенттер әсем әндер шырқап, көңілді билер билеп, әртүрлі көріністер қойды. Сонымен қатар, орталықтағы қарттармен бірге ойындар ойнап, жылы әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік берілді. Бұл шара қатысушылардың көңілін көтеріп, бір-біріне жақын болуға жағдай жасады.
Іс-шара соңында студенттер ардагерлерге алғысын білдіріп, олардың ұзақ ғұмырын, денсаулығын және әр күнің шаттыққа толы болуын тіледі. Осындай шаралар студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдап, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Концерт ардагерлер мен зейнеткерлердің көңілін көтерген ерекше мәдени іс-шара болды және болашақта да мұндай кездесулер ұйымдастырылатын болады.

