Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжі мен Каспий өңірі «Болашақ» колледжі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандум білім беру саласындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға, ғылыми-практикалық тәжірибе алмасуға және мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
Ынтымақтастық аясында бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.
Бұл әріптестік білім беру кеңістігін дамытуға, оқу орындары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде.