By -
Колледж ЕАГИ
Қазақстан Республикасы студенттер арасындағы спорттық туризм чемпионаты
2026 жылғы 21–25 наурыз аралығында Еуразия ұлттық университеті базасында студенттер арасындағы спорттық туризм бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік студенттік командалар қатысып, жоғары дайындық деңгейін, төзімділікті және командалық рухты көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Еуразия гуманитарлық институты Жоғары колледжінің «Арлан» командасы жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді, ал «Астана Арлан» командасы 3-орынға ие болды.
Қатысушыларды жоғары спорттық нәтижелерімен құттықтаймыз.

