By -
Колледж ЕАГИ
ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР: ДҰРЫС ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ
14 қаңтар күні колледжде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыру бойынша декада жоспарына сәйкес және «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Құқықтар мен міндеттер: дұрыс жолды таңдаймыз» тақырыбында тренинг өтті.
Тренинг барысында студенттер құқықтар мен міндеттердің өзара байланысын түсініп, өзара құрмет пен жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады.
Қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, өмірлік жағдайларды конструктивті түрде шешуді үйренді.
Іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.