By -
Колледж ЕАГИ
Қонақжайлылықтың болашағы – сенімді қолда
«Қонақ үй бизнесі» мамандығының 2-курс студенттері алғашқы өндірістік тәжірибелерін сәтті қорғады. Олар алған білімдері мен қонақжайлылық индустриясында аса маңызды кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
КАЗЖОЛ қонақ үйінің өкілдері студенттеріміздің дайындығын жоғары бағалап, алғыстарын білдірді. Бұл олардың болашағы жарқын, мансап жолында жаңа мүмкіндіктер мен табыстар күтіп тұрғанын білдіреді.
Айслу Зейнұловна, сізге еңбегіңіз бен болашақ мамандарды даярлаудағы үлесіңіз үшін үлкен рақмет.