Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

«Қызықты қазақ тілі мен әдебиет әлемі»

Кеше колледжімізде білім мен шабытқа толы ерекше сайыс өтті! Қазақ тілі мен әдебиетінің сырлы әлеміне терең бойлаған 4-курс студенттері өз білімдерін сынға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Тарих пен әдебиетке саяхат! Қатысушылар қазақ әдебиетінің әр дәуірін шарлап, ұлы ақын-жазушылардың мұраларына көз жүгіртті. Тілдің байлығын терең түсініп, әдебиет әлеміндегі сырлы құпияларды ашты. Жеңімпаздар марапатталды! Сайыс соңында ең үздік топтар арнайы марапаттарға ие

By - Колледж ЕАГИ

ТӘЖІРИБЕНІ СӘТТІ ҚОРҒАУ

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенттерін өндірістік тәжірибені сәтті қорғауларымен құттықтаймыз! 2025 жылғы 11 ақпанда дуалды оқыту аясында тәжірибені қорғау өтті. Студенттер өз есептерін ұсынып, «Мерей» балабақшасындағы (Гармониялық және эстетикалық тәрбие беру қауымдастығы) жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ алған кәсіби дағдыларын көрсетті. Бұл тәжірибе – болашақ мамандыққа жасалған маңызды қадам! Енді студенттердің тек теориялық білімі ғана емес, балалармен жұмыс

By - Колледж ЕАГИ

Болашақ тәрбиешілер – бүгіннен!

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенттері, ДВк-31 тобы, «Тәрбиешінің өзіндік іс-әрекеті» атты кәсіби тәжірибесін сәтті аяқтап, шығармашылық жобаларын жоғары деңгейде қорғады. Бұл тәжірибе Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асқан маңызды қадам болды. Тәжірибе барысында студенттер: ✅ Балабақшадағы тәрбиеші рөлін толық сезінді ✅ Теорияны тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын жетілдірді ✅ Ұлт болашағы – бала тәрбиесінен

By - Колледж ЕАГИ

9 ақпан – қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күні!

Ұлы ақынның жырлары – мәңгілік мұра, жүрекке жақын сыр! Осы күнге орай, колледж студенттері Мұқағали жайлы өз білетін деректерімен бөлісіп, сүйікті өлеңдерін оқыды. Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында біз болашақ мамандардың тек өз ісінің шебері ғана емес, рухани бай тұлға болып қалыптасуын маңызды санаймыз. Өйткені нағыз білікті маман – жүрегі жырға, санасы білімге толы жан! Олай болса, жастардың пікірін бірге тыңдап,

By - Колледж ЕАГИ

Ашық сабақ: шығармашылық әлеміне саяхат

12 ақпан 2025 жылы Пк-11 тобында ағылшын тілі апталығы аясында «Creative People (Art, Music, Literature)» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттер өнер, музыка және әдебиет саласындағы шығармашылық тұлғалардың еңбектерін талдап, олардың идеялары мен жаңашыл көзқарастарын зерттеді. Нәтижесінде студенттердің шығармашылыққа деген қызығушылығы артып, олардың өзіндік ойлау қабілеті мен эстетикалық талғамы дамыды.

By - Колледж ЕАГИ

Ашық сабақ: сән мен стиль әлемі

12 ақпан 2025 жылы ИЯк-41 тобында ағылшын тілі апталығы аясында «Fashion and Style» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттер сән мен стильдің негіздерін зерттеп, өз стильдерін қалыптастыру мен сән трендтерін талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде студенттер тек тілдік дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, эстетикалық талғамдарын дамытып, өзіндік стильдерін сенімді түрде көрсете білді.

By - Колледж ЕАГИ

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Дуалды оқыту: жобаны жүзеге асыруға үш жақты көзқарас» іс-шарасы сәтті өтті!

ЕАГИ жоғары колледжінде дуалды оқыту жүйесін дамыту мақсатында ұйымдастырылған ерекше шара студенттерге тың тәжірибе мен құнды білім берді. Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері бұл кеште белсенділік танытып, дуалды оқытудың артықшылықтары мен болашақ кәсіби даму жолдарын талқылады. Шараға құрметті қонақтар қатысты: – «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілі Уразгалиева Гаухар Мергеновна -№87 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жәмиля Серікқызы -2024

By - Колледж ЕАГИ

Қонақжайлылықтың болашағы – сенімді қолда

«Қонақ үй бизнесі» мамандығының 2-курс студенттері алғашқы өндірістік тәжірибелерін сәтті қорғады. Олар алған білімдері мен қонақжайлылық индустриясында аса маңызды кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. КАЗЖОЛ қонақ үйінің өкілдері студенттеріміздің дайындығын жоғары бағалап, алғыстарын білдірді. Бұл олардың болашағы жарқын, мансап жолында жаңа мүмкіндіктер мен табыстар күтіп тұрғанын білдіреді. Айслу Зейнұловна, сізге еңбегіңіз бен болашақ мамандарды даярлаудағы үлесіңіз үшін үлкен рақмет.

By - Колледж ЕАГИ

Интернет және ойынға тәуелділіктің алдын алу

6 ақпан күні Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінде «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Интернет және ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары: • «Жас Толқын» жастарды әлеуметтік қорғау және алдын алу орталығының бөлімшесі, • Астана қаласының №3 қалалық емханасы. Дөңгелек үстелге қатысушылар: • Алдын алу бөлімінің мамандары, • Астана қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасының өкілдері, •

By - Колледж ЕАГИ

«АЙБАРЛЫ ҰРПАҚ» – БІЗДІҢ ЖЕҢІСІМІЗ!

ЕАГИ Жоғары колледжінің студенттері Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған «Айбарлы Ұрпақ» әскери-спорттық сайысында Астана қаласындағы колледждер арасында І орынға ие болды! Бұл жеңіс – біздің командамыздың бірлігі, рухының мықтылығы және табандылығының жемісі. Біз тек сайысқа қатысып қойған жоқпыз, бейбіт болашақ үшін күрескен батырларға құрмет көрсеттік. Барлық қатысушыларға және бізді қолдап, бағыт-бағдар берген Жусипбеков М.Т.-ға үлкен алғысымызды білдіреміз! Біз –