Қыркүйек айында Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінде бірінші курс студенттеріне арналған бейімделу тренингтері өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің жаңа оқу ортасына тез бейімделуіне, өзара сенім мен қолдау атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ топ ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға жағдай жасау болды. Колледж психологы Назым Ержановна жүргізген «Сәлем, топ – бұл мен!» атты тренинг барысында студенттер ойын түрінде бір-бірімен танысып, өздерін еркін көрсетуге, өзара
By -
Колледж ЕАГИ