Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

«Нашақорлықсыз өмір»

23 қазан күні Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде студенттер мен қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі, майордың қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында «Нашақорлықсыз өмір» атты маңызды әрі өзекті тақырып қозғалды. Студенттерге саналы таңдау жасаудың және өз өміріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы ескертілді. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстануға және қиын жағдайға тап болған достарына қолдау көрсетуге шақырды.

By - Колледж ЕАГИ

Тәжірибе нәтижелері

Кәсіби мамандардың мастер-класы әрдайым қызықты, әсіресе олар бейтаныс адамдар емес, сіз сияқты студенттер, тек курстан үлкен, бірақ компьютерлік графика бойынша өндірістік практикадан өткен… IT мамандығының бітіруші курс студенттері екінші курс студенттерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Тек визиткалар мен пакеттер өз қолдарымен жасалған, бірақ қаншалықты қызығушылық пен рахат

By - Колледж ЕАГИ

«Студенттік өмірге қадам»

2025 жылдың қазан айының ерекше бір кешінде Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі 1-курс студенттерін ресми түрде қабылдау рәсімін өткізді. Бұл – тек қабылдау кеші ғана емес, жастардың үлкен өмірге аттаған алғашқы әрі маңызды қадамы. Мерекелік кеште: – Тәрбие бөлімі мен ұстаздар жылы лебіздерін білдірді – Студенттік парламент атынан құттықтау сөздер айтылды – Шығармашыл жастар өз өнерлерін ортаға салды – Жаңа

By - Колледж ЕАГИ

Білім бағытында

17 қазанда «Туризм» мамандығының екінші курс студенттері нақты туристік маршрут жағдайында практикалық дағдыларды пысықтады. Студенттер Қазақстан Республикасының ішкі туризмінің ерекшеліктерімен, аймақтың табиғи көрікті жерлерімен, оның мәдени және тарихи нысандарымен, сондай-ақ жергілікті аңыздармен танысты. Студенттер маршрутты құру, экскурсиялық бағдарламаны жоспарлау, туристік топты ұйымдастыру және сүйемелдеу сияқты негізгі кәсіби дағдыларды пысықтады.

By - Колледж ЕАГИ

«Нашақорлық — өлімге апаратын тәуелділік»

Ақпараттық-ағартушылық семинарлар циклі жалғасуда Бүгін, 16 қазан күні, бірінші курс студенттеріне арналған «Нашақорлық — өлімге апаратын тәуелділік» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Спикер ретінде Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны – Кабиденова Эльмира Молдабайқызы сөз сөйледі.Дәріс барысында студенттер есірткі заттарының зияны, оларды қолдану мен таратудың жауапкершілігі туралы, сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығы жайында ақпарат алды.

By - Колледж ЕАГИ

Сенбілік 2025

10 қазан күні ,ЕАГИ колледжде ИЯк-21, ИЯр-21, Пр-21. ПБк-21 топтарының қатысуымен оқу орны аумағында үлкен сенбілік жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – тек қана тазалық сақтау емес, сонымен қатар ұжымдық бірлік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды. Колледж маңы қоқыстан тазартылды. Студенттер белсенділік танытып, өз еңбектері арқылы қоршаған ортаға деген жанашырлықтарын көрсетті. Бұл шара жасұрпақты жауапкершілікке, табиғатты аялауға баулудың жарқын үлгісі болды.

By - Колледж ЕАГИ

«Терроризм мен экстремизм: қоғам мен жастарды идеологиялық ықпалдан қалай қорғауға болады»

2025 жылдың 9 қазанында Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінде Діндерді зерттеу орталығының теологтарымен кездесу өтті. Кездесудің тақырыбы – «Терроризм мен экстремизм: қоғам мен жастарды идеологиялық ықпалдан қалай қорғауға болады». Шара барысында мамандар радикалды идеялардың таралу себептері, оларды қалай тануға болатыны және сын тұрғысынан ойлау мен рухани құндылықтарды сақтаудың маңызы туралы айтты. Жастардың бейбітшілік, толеранттылық пен ұлттық бірлікті нығайтудағы рөліне ерекше

By - Колледж ЕАГИ

СТАРОСТАЛАР ЖИНАЛЫСЫ – 2025

Бүгін, қазан айының 07 күні, «Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледж» қабырғасында жаңа оқу жылындағы алғашқы старосталар жиналысы өтті. Жиналысқа әр топтың старосталары, оқу бөлімі мамандары және колледж әкімшілігі қатысты. Жиында: – Топ старостасының міндеттері мен жауапкершілігі – Колледж ішіндегі тәртіп пен мәдениет – Студенттік өзін-өзі басқару ұйымымен байланыс – Келешек жоспарлар мен іс-шаралар туралы кеңінен сөз қозғалды. Старосталар – топ

By - Колледж ЕАГИ

Ұстаз – ұлы тұлға!

Құрметті ұстаздар! Сіздерге алғысымыз шексіз! Білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріңіз – ел болашағының негізі. Сіздердің әрбір сөзіңіз, әр ісіңіз – шәкірттер жүрегіне жол табатын шырақ. Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, шәкірттеріңіздің құрметі мен алғысын тілейміз. Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!