Бүгін колледжімізде ерекше тағылымы мол Т. Молдағалиевтің құрметіне ашық сабақ өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл ашық сабақты ақ жаулықты әжелеріміз жүргізіп, рухани тәрбиеге толы керемет әсер сыйлады. Әжелеріміздің өнегелі сөзі мен жүрекжарды әңгімелері студенттерге үлкен мотивация болды. Осындай мәнді де мағыналы сабақ ұйымдастырғандарыңыз үшін үлкен алғыс!
2025 жылғы 19 қарашада ЕАГИ Жоғары колледжінде Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Қонақжайлылық: кеше, бүгін, ертең» атты телемост өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары мен қонақжайлылық индустриясының өкілдері арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту. Айта кетсек, іс-шараның басты мақсаты болып, студенттердің кәсіби құзыреттерін кеңейту, жұмысшы мамандықтарын насихаттау және білім беру мен қонақжайлылық индустриясы арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту анықталды. Қатысушылар: • Қазақстандық
Бүгін колледжімізде алтын күздің сұлулығын айшықтайтын ерекше кеш өтті! «Күзгі бал – 2025» шарасы студенттердің шығармашылығы мен талғамын, сән мен стильге деген көзқарасын көрсетті. Кеште ерекше костюмдер, көңілді сайыстар мен көтеріңкі көңіл-күй болды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Жаңа таланттар ашылып, жарқын естеліктер қалды!
2025 жылдың қараша айында Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде студенттер арасында зияткерлік деңгейі жоғары, мазмұны терең дебаттық турнир өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жастардың сыни ойлауын дамыту, сөз мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша көзқарасын еркін жеткізе білуіне мүмкіндік беру. Дебатқа колледждің әртүрлі мамандықтарынан құралған бірнеше топ қатысты. Студенттер өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізіп, қарсы жақтың пікіріне қарсы логикалық