Бүгін колледжімізде ерекше тағылымы мол Т. Молдағалиевтің құрметіне ашық сабақ өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл ашық сабақты ақ жаулықты әжелеріміз жүргізіп, рухани тәрбиеге толы керемет әсер сыйлады. Әжелеріміздің өнегелі сөзі мен жүрекжарды әңгімелері студенттерге үлкен мотивация болды. Осындай мәнді де мағыналы сабақ ұйымдастырғандарыңыз үшін үлкен алғыс!
2025 жылғы 19 қарашада ЕАГИ Жоғары колледжінде Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Қонақжайлылық: кеше, бүгін, ертең» атты телемост өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары мен қонақжайлылық индустриясының өкілдері арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту. Айта кетсек, іс-шараның басты мақсаты болып, студенттердің кәсіби құзыреттерін кеңейту, жұмысшы мамандықтарын насихаттау және білім беру мен қонақжайлылық индустриясы арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту анықталды. Қатысушылар: • Қазақстандық
Бүгін колледжімізде алтын күздің сұлулығын айшықтайтын ерекше кеш өтті! «Күзгі бал – 2025» шарасы студенттердің шығармашылығы мен талғамын, сән мен стильге деген көзқарасын көрсетті. Кеште ерекше костюмдер, көңілді сайыстар мен көтеріңкі көңіл-күй болды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Жаңа таланттар ашылып, жарқын естеліктер қалды!
2025 жылдың қараша айында Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде студенттер арасында зияткерлік деңгейі жоғары, мазмұны терең дебаттық турнир өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жастардың сыни ойлауын дамыту, сөз мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша көзқарасын еркін жеткізе білуіне мүмкіндік беру. Дебатқа колледждің әртүрлі мамандықтарынан құралған бірнеше топ қатысты. Студенттер өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізіп, қарсы жақтың пікіріне қарсы логикалық
23 қазан күні Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде студенттер мен қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі, майордың қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында «Нашақорлықсыз өмір» атты маңызды әрі өзекті тақырып қозғалды. Студенттерге саналы таңдау жасаудың және өз өміріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы ескертілді. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстануға және қиын жағдайға тап болған достарына қолдау көрсетуге шақырды.
Кәсіби мамандардың мастер-класы әрдайым қызықты, әсіресе олар бейтаныс адамдар емес, сіз сияқты студенттер, тек курстан үлкен, бірақ компьютерлік графика бойынша өндірістік практикадан өткен… IT мамандығының бітіруші курс студенттері екінші курс студенттерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Тек визиткалар мен пакеттер өз қолдарымен жасалған, бірақ қаншалықты қызығушылық пен рахат
2025 жылдың қазан айының ерекше бір кешінде Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі 1-курс студенттерін ресми түрде қабылдау рәсімін өткізді. Бұл – тек қабылдау кеші ғана емес, жастардың үлкен өмірге аттаған алғашқы әрі маңызды қадамы. Мерекелік кеште: – Тәрбие бөлімі мен ұстаздар жылы лебіздерін білдірді – Студенттік парламент атынан құттықтау сөздер айтылды – Шығармашыл жастар өз өнерлерін ортаға салды – Жаңа
17 қазанда «Туризм» мамандығының екінші курс студенттері нақты туристік маршрут жағдайында практикалық дағдыларды пысықтады. Студенттер Қазақстан Республикасының ішкі туризмінің ерекшеліктерімен, аймақтың табиғи көрікті жерлерімен, оның мәдени және тарихи нысандарымен, сондай-ақ жергілікті аңыздармен танысты. Студенттер маршрутты құру, экскурсиялық бағдарламаны жоспарлау, туристік топты ұйымдастыру және сүйемелдеу сияқты негізгі кәсіби дағдыларды пысықтады.
Ақпараттық-ағартушылық семинарлар циклі жалғасуда Бүгін, 16 қазан күні, бірінші курс студенттеріне арналған «Нашақорлық — өлімге апаратын тәуелділік» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Спикер ретінде Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны – Кабиденова Эльмира Молдабайқызы сөз сөйледі.Дәріс барысында студенттер есірткі заттарының зияны, оларды қолдану мен таратудың жауапкершілігі туралы, сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығы жайында ақпарат алды.
10 қазан күні ,ЕАГИ колледжде ИЯк-21, ИЯр-21, Пр-21. ПБк-21 топтарының қатысуымен оқу орны аумағында үлкен сенбілік жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – тек қана тазалық сақтау емес, сонымен қатар ұжымдық бірлік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды. Колледж маңы қоқыстан тазартылды. Студенттер белсенділік танытып, өз еңбектері арқылы қоршаған ортаға деген жанашырлықтарын көрсетті. Бұл шара жасұрпақты жауапкершілікке, табиғатты аялауға баулудың жарқын үлгісі болды.