Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ЕАГИ Жоғары колледжінде жаңа мүмкіндіктер мен мансаптық перспективаларға арналған Ашық есік күні өтті! Біз 22-мектептің оқушыларын қуана қарсы алдық, олар: – болашақты қалыптастыратын заманауи мамандықтармен танысты; – инновациялық технологиялар арқылы теорияның практикаға қалай айналатынын көрді. – Оқушылар сәттілікке жол ашатын мамандықтар туралы білді және өз армандарын таңдауға алғашқы қадам жасады. Қонақтарымызға қызығушылығы мен белсенділігі үшін алғыс
ВКЕАГИ-дің әйелдер баскетбол командасы Астана қаласының колледждері арасындағы Спартакиадада керемет нәтижелер көрсетуде! Жеңіске жеткен ойындар ерекше есте қалды: 13 қаңтар – KILC-ті 27:1 сесебінен жеңу 14 қаңтар – КазГЮУ-ды 14:6 сесебінен жеңу 16 қаңтар – КазУТБ-ды 20:15 сесебінен жеңу ВКЕАГИ қыздары жеңіске деген ұмтылысын, бірлігін және шеберлігін анық көрсетті! Алға, ВКЕАГИ!
14 қаңтар күні колледжде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыру бойынша декада жоспарына сәйкес және «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Құқықтар мен міндеттер: дұрыс жолды таңдаймыз» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында студенттер құқықтар мен міндеттердің өзара байланысын түсініп, өзара құрмет пен жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады. Қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, өмірлік жағдайларды конструктивті түрде шешуді үйренді. Іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті
10 қаңтар күні студенттік емхананың салауатты өмір салтын сақтау бойынша маманы 1 курс студенттеріне ЖРВИ-дің алдын алу тақырыбында лекция өткізді. Кездесуде студенттер келесі ақпараттарды білді: -Вирус жұқтырудан қалай сақтануға болады. -Қыста иммунитетті қалай нығайту керек. -Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда асқынулардың алдын алу үшін не істеу қажет. Маман әрқайсымыздың денсаулығымыз қарапайым, бірақ маңызды әдеттерге байланысты екенін еске салды: қолды жиі
10 қаңтар күні ПР-11 тобымен студенттік емхананың психологымен бірлескен «Психологиялық денсаулық» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің арқасында денсаулық тек физикалық күй емес, сонымен бірге ішкі әл-ауқат екенін түсіндік. Бұл тәжірибе студенттерді психикалық денсаулығына мұқият қарауға және қажет болған жағдайда көмек сұрауға шабыттандырады деп үміттенеміз. Өзіңізді күтіңіз және ұмытпаңыз: көмек сұрау – қалыпты нәрсе!
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі» мамандығының екінші курс студенттері Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 34-ші маусымындағы «Абай» қойылымына саяхат-сабақ жасады. Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған спектакль әрбір студенттің жүрегіне ой салып, терең әсер қалдырды. Бұл сапар тек театр өнерін тамашалау ғана емес, қазақ руханиятының алтын қазынасын тануға, Абайдың өсиеттерін жүрекке сіңіруге арналған ерекше сабақ болды. Топ
«Аударма ісі» мамандығының 1-курс студенттері жаңа көкжиектерді ашып, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына саяхат жасады. «Ел тарихы беттерімен» атты экскурсия уақытқа саяхат сияқты әсер қалдырды: • Бірегей экспонаттар өткеннің ұлылығын ашты; • Ұлы бабалардың тарихы ұлттық рухтың қуатын еске салды; • Мәдени мұра жаңа жетістіктерге шабыт берді. Шара қоғамтану-құқықтық пәндер ПЦК онкүндігі аясында, оқытушы Сапарова К.Н. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Өз тарихына терең
«Қонақ үй бизнесі» және «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандықтарының 1-курс студенттері елдің батырлық тарихы беттеріне саяхат жасап, Әскери-тарихи музейге қызықты экскурсияға барды. Ұйымдастырушылар: оқытушылар А.К. Катренова және Ж.Т. Макремова. Шара Қоғамдық және құқықтық пәндер циклы апталығы аясында өткізілді. Экскурсия студенттерге келесі мүмкіндіктерді сыйлады: • Музей экспонаттары арқылы қазақ халқының ерлігін көру; • Өткенді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсіну; • Ұлттық рухты
«Туризм» мамандығының екінші курс студенттері керемет саяхатқа аттанды… ешқайда емес, дәл Ұлттық академиялық кітапханаға! Онда олар ерекше кітап қазыналарын ашты, заманауи ақпараттық технологиялармен танысты және Қазақстанның бай мәдени мұрасы туралы білімдерін тереңдетті. Бұл экскурсия тек оқуға шабыт қана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби қызмет үшін құнды ресурс болды! Өйткені туризм — тек саяхаттау ғана емес, сонымен бірге тарих пен мәдениетке
11 желтоқсан күні «Аударма ісі» мамандығының 1-2 курс студенттері «Өнеркәсіп және технология саласындағы әйелдер» Халықаралық конгресіне қатысып, ерекше тәжірибе жинақтады. Іс-шара Sheraton Astana Hotel 5* қонақүйінде өтті. Конгресс жетекші сарапшылар мен мамандарды жинаса, біздің студенттер осы маңызды оқиғаның ажырамас бөлігі болып, қатысушылардың әртүрлі тілдерде қарым-қатынасын қолдап, жоғары деңгейде синхронды аударма жасады. Бұл студенттер үшін алған білімдерін іс жүзінде бекітіп қана