By -
Колледж ЕАГИ
Бұрымды қыз – білімді қыз
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі” мамандығы мен “Мектепке дейінгі тәрбие” мамандық сұлу қыздары арасында “Бұрымды қыз – білімді қыз” челленджі өткізілді. “Қос бұрым – қыздың көркі” деп санаған дана халқымыз қыз баланың бар сұлулығын, әдепті, әдемі, ибалы мінезін бұрыммен байластырған. Қазақ қыздарының бұрымдарының киесі, қадір – қасиеті бар деп оларды әдемі әшекей бұйымдармен, шашбаулармен әсемдеген.