Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері «Жұмысшы мамандықтар қаласында»

Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттеріміз EXPO халықаралық көрме орталығында өткен республикалық «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысты.
Бұл – ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған, заманауи технологиялар мен сұранысқа ие мамандықтарды біріктіретін ерекше шара. Ол жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, болашақ мамандықтарын айқындауға көмектесті.
Фестиваль студенттерімізге не берді?
✅ IT саласындағы инновациялар және олардың жұмысшы мамандықтарындағы рөлі
✅ Цифрландыру мен автоматтандырудағы заманауи технологиялар
✅ Жоғары технологиялар дәуірінде мансаптық өсу мүмкіндіктері
Фестивальдің басты қорытындысы – жұмысшы мамандықтары барынша технологиялық сипатқа ие болуда, ал IT саласындағы білім табысты болашақтың кепілі!