By -
Колледж ЕАГИ
«БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫ» – АҚЫЛДЫЛАР АРЕНАСЫ!
«Тілім менің – ғасырларға аманат» атты қазақ және орыс тілдері пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында КЯЛ-42 тобында ерекше интеграциялық сайыс сабақ өтті!
«Білімділер сайысы» – бұл тек ойын емес, бұл интеллектуалды дуэль, мұнда білім алушылар пәндер арасындағы байланыстарды тауып, логикасын қолданып, командалық рухты шыңдады.
Сайыс кезеңдері:
-Түрлі пәндерден сұрақтар
-Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар
-Командалық жұмыс пен шығармашылықты шыңдау
Әрбір дұрыс жауап – білімнің күші! Әр кезең – жаңа белес! Бұл сайыста ең білімді, ең тапқырлар жеңіске жетеді!
Осындай қызықты шаралар біздің білім алушыларымыздың жан-жақты дамуына жол ашады!