By -
Колледж ЕАГИ
«Бір мақал – бір бауырсақ»
28 қаңтар күні колледжімізде қазақ және орыс тілі пәндерінің онкүндігі аясында «Бір мақал – бір бауырсақ» ойынын өткіздік. Оқытушылар мен студенттер бір мақал айту арқылы бір бауырсақ ұтып алды. Бұл ойын ойлау қабілетін дамытуға және ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға үлкен септігін тигізді. Мақалдар айтылған сайын, қатысушылар арасында күлкі мен жылулық орнап, әркім еркін әрі қызықты мақалдар айтып жатты.
Осындай қызықты шаралар тіл мен мәдениетті насихаттауға, жастардың бойында ұлттың мақтанышы мен дәстүрлерін сақтап қалуға көмектеседі.