By -
Колледж ЕАГИ
ЕАГИ Жоғары колледжінде алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар
2024 жылғы 6 қараша күні ЕАГИ Жоғары колледжінде «Алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында маңызды семинар өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емханасының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі ұйымдастырды.
Алкогольден бас тарту күніне арналған ұлттық бағдарлама аясында дәрігер Нұрмағамбетов А. 1 курс студенттерімен танымдық кездесу өткізді. Семинардың басты мақсаты – тәуекелді мінез-құлық факторлары, олардың салдары және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы туралы айту.