Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Халықаралық әйелдер мерекесі

Колледжімізде 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай студенттер ерекше шара ұйымдастырды. Бұл күні студенттік парламент барлық колледж ұстаздарына өз қолдарымен жасалған гүл сыйлап, жылы құттықтау білдірді.

Іс-шара барысында студенттер концерттік бағдарлама дайындап, әсем әндер айтып, көңілді билер биледі. Қонақтарымызды жылы жүзбен қарсы алып, олардың көңілін көтеруге барынша тырыстық. Студенттердің өнер көрсетулері қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфераны толықтырды.

Сонымен қатар, студенттер әйел азаматтарға гүлді табыстау арқылы құрмет пен алғысын жеткізді. Мұндай іс-шаралар студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға, бір-біріне құрметпен қарауға және колледждегі қоғамдық өмірді жандандыруға мүмкіндік береді.