By -
Колледж ЕАГИ
Кәсіби бағдар – болашаққа қадам!
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледжіміздің оқытушылары – Байболова А.К., Канешова Г.Б., Ташмухамбетова О.А. – №51 мектеп-гимназиясының оқушыларымен қызықты кездесу өткізді.
Шара барысында сұранысқа ие мамандықтар, мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, кәсіби білім әлемімен таныстыратын шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Кәсіпті таңдау – болашақты таңдау!
Біз жас ұрпақтың өз жолын саналы әрі жарқын болашаққа жетелейтіндей таңдауларына көмектесеміз.
Колледжімізге қосылыңыз, өз ісіңіздің шебері болыңыз!