Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года

2019 – 2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын, Нұр-Сұлтан қаласы «Еуразия гуманитарлық институтының колледжі» мекемесі оқуға қабылдау ЕРЕЖЕСІ

1.    Жалпы ережелер

1. Еуразия гуманитарлық институты колледжінің оқуға қабылдау ережесі (әрі қарай- ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегіЗаңына (әрі қарай – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18қазан № 578 қаулысы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар»), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы және 2015 жылғы 06 тамыздағы № 107-1346 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
2.«Еуразия гуманитарлық институты колледжі» мекемесіне Қазақстан Республикасының азаматтары, негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік), ортадан кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.
4. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын Еуразиялық гуманитарлық институттың колледжінде  белгілейді.

2. Техникалық  және кәсіптік білімнің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын Еуразия гуманитарлық институты колледжіне оқуға қабылдаудың тәртібі
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

5. Еуразиялық гуманитарлық институттың колледжінде жеке тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу мерзімінде және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Конкурстық комиссияның құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
6. Еуразия гуманитарлық институты колледжінің қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
7. Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
8. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
9. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.
Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.
Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.
10. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
11. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау таңдалған мамандығы бойынша оқыту үшін қарсы көрсетілімдерінің болмауы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып, заңды өкілдердің біреуінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Мүгедек балалар мен мүгедектерге (көру, есту және тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған)  оқуға түсу емтихандарына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015-жылдың 30-қаңтарында бекітілген бұйрығы бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген №10589) мүгедектікті растайтын құжатты тапсырып, қажет болған жағдайда мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
1) жеке аудитория;
2) мүгедек балаларға және көру қабілеті нашар, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге оқуға түсу емтиханына қатысы жоқ көмекші маман мен есту қабілеті нашар мүгедек балалар мен мүгедектерге ыммен сөйлейтін маманға қажеттілік жөнінде өтініш жазады.
12. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:
1) жалпы орта білім үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі пәні) жүргізіледі;
2) негізгі орта білім – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының көлемінде (қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі пәні) екі пән бойынша;
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Конкурс білім беру ұйымдары өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.
Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.
Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.
Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.
Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.
13. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында;
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: «3» – 8 балға, «4» – 17 балға, «5» – 25 балға алмастырады.
14. Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
15. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
16. Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес айқындалады.
17. Колледжге арнайы немесе шығармашылық мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар Қағидалардың 2- қосымшасына сәйкес бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін шығармашылық емтихандарын тапсырады.
18. Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.
19. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
20. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді.
Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
21. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
22. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
23. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.
Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
24. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
25. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

3.Студенттер құрамына қабылдау

26. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Білікті жұмысшы кадрларды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызына аралығында;
2) кешкі және сырттай білім беру нысандарында – күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегінен бастап 30 қыркүйекке дейін негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу құжаттарында көрсетілген негізгі пәндер бойынша бағаларды ескере отырып, іріктеу негізінде, сұхбаттасу нәтижесінде жүргізіледі.
27. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі мамандарды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары мамандықтар мен оқыту тілдерінде қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүзеге асырылады.
Оқуға түсушілердің құрамына қабылдау үшін байқауға қатысуға рұқсат етілмейді:
1) базалық (негізгі жалпы) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 баллдан аз.
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 24 баллдан аз.
28. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.

 

Техникалық және кәсіптік білім
беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
қағидаларына
қосымша №1

 

 

 Еуразия гуманитарлық институты колледжінің техникалық
және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы
білім беру пәндерінің тізбесі

Техникалық және
кәсіптік білім
мамандығының коды
Мамандықтың
атауы
Бейіндік пән атауы:
Негізгі орта
білім (9сынып)
Жалпы орта
білім (11 сынып)
0101000 Мектепке дейінгі тәрбиелеу
және білім беру
 Әдебиет
(оқыту тілдері бойынша)
 Биология
0111000 Негізгі орта білім беру  Әдебиет
(оқыту тілдері бойынша)
 Әдебиет
(оқыту тілдері бойынша)
0111000 Негізгі орта білім беру Шетел (ағалшын) тілі Шетел (ағалшын) тілі
0507000 Қонақ үй шаруашылығына қызмет
көрсету және ұйымдастыру
 Математика  Математика
0511000 Туризм
(салалары бойынша)
 География  География
0512000  Аударма ісі
(түрлері бойынша)
 Шетел (ағалшын) тілі Шетел (ағалшын) тілі
1305000  Ақпараттық жүйелер
(қолдану саласы бойынша)
 Математика  Математика
0201000  Құқықтану Құқық негіздері  Дүниежүзілік
тарих
0401000 Кітапхана ісі  Әдебиет
(оқыту тілдері бойынша)
Әдебиет
(оқыту тілдері бойынша)

 

Техниқалық және кәсіптік білім
беру  бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
қағидаларына
қосымша №2

 

Еуразия  гуманитарлық  институты колледжінің 2019 -2020 оқу жылына оқуға
қабылдау мамандықтар (біліктілігі және оқыту мерзімі) тізімі

 

Мамандықтын коды
және  атауы
Біліктіліктың коды
және атауы
Сроки обучения
основное
среднее
образование
(основное общее)
среднее
образование
(среднее общее)
0111000
«Негізгі орта
білім беру»
0101013
Мектепке дейінгі
ұйымдардың тәрбиешісі
 3 жыл 10 ай  2 жыл 10 ай
0111000
«Негізгі орта
білім беру»
0111013
Қазақ тілі мен
әдебиеті  мұғалімі
 3 жыл 10 ай  2 жыл 10 ай
0111000
«Негізгі орта
білім беру»
0111083
Шетел тілі
пәнінің мұғалімі
3 жыл 10 ай 2 жыл  10 ай
0507000
«Қонақ үй
шаруашылығына қызмет
көрсету және ұйымдастыру»
0507031
Күтуші
1 жыл 10 ай 10  ай
0507000
«Қонақ үй
шаруашылығына қызмет
көрсету және ұйымдастыру»
050704
Әкімшілік
көмекшісі
2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
0507000
«Қонақ үй
шаруашылығына қызмет
көрсету және ұйымдастыру»
0507063
Супервайзер
(ауысым басшысы)
2 жыл 10 ай 10  ай
0511000
«Туризм
(салалар бойынша)»
0511022
Саяхат жүргізушісі
2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
0511000
«Туризм
(салалар бойынша)»
0511032
Турист  агенті
2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
0511000
«Туризм
(салалар бойынша)»
0511043
Менеджер
3 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай
0512000
«Аударма ісі
(түрлері бойынша)»
0512023
Гид-аудармашы
2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
1305000
«Ақпараттық жүйелер
(қолдану саласы бойынша)»
130501 1
Дизайнер
2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
1305000
«Ақпараттық жүйелер
(қолдану саласы бойынша)»
1305033
Техник
2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
0201000
«Құқықтану»
0201023
Заңгер-кеңесші
2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
0201000
«Құқықтану»
0201013
Заңгер
2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
0401000
«Кітапхана ісі»
0401013
Кітапханашы
2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай