By -
Колледж ЕАГИ
«Нашақорлық — өлімге апаратын тәуелділік»
Ақпараттық-ағартушылық семинарлар циклі жалғасуда
Бүгін, 16 қазан күні, бірінші курс студенттеріне арналған «Нашақорлық — өлімге апаратын тәуелділік» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
Спикер ретінде Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны – Кабиденова Эльмира Молдабайқызы сөз сөйледі.Дәріс барысында студенттер есірткі заттарының зияны, оларды қолдану мен таратудың жауапкершілігі туралы, сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығы жайында ақпарат алды.
