By -
Колледж ЕАГИ
СТАРОСТАЛАР ЖИНАЛЫСЫ – 2025
Бүгін, қазан айының 07 күні, «Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледж» қабырғасында жаңа оқу жылындағы алғашқы старосталар жиналысы өтті. Жиналысқа әр топтың старосталары, оқу бөлімі мамандары және колледж әкімшілігі қатысты.
Жиында:
– Топ старостасының міндеттері мен жауапкершілігі
– Колледж ішіндегі тәртіп пен мәдениет
– Студенттік өзін-өзі басқару ұйымымен байланыс
– Келешек жоспарлар мен іс-шаралар туралы кеңінен сөз қозғалды.
Старосталар – топ пен әкімшілік арасындағы көпір. Сондықтан да олардың белсенділігі, жауапкершілігі – оқу үдерісінің тиімді жүруіне тікелей әсер етеді. Жиын соңында старосталар сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Бұл жиналыс оқу жылының сапалы басталуына жол ашты.