Студенттік парламенттің есеп беру концерті
Колледжімізде студенттік парламентің бір жылдық жұмысына арналған есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл шара студенттердің шығармашылығын, белсенділігін және ұйымшылдығын көрсететін маңызды мәдени-тәрбиелік іс-шаралардың бірі болды.
Концерттің негізгі мақсаты – студенттік парламенттің атқарған жұмыстарын қорытындылау, оқу жылы бойындағы жетістіктерді көрсету және студенттердің өнерін көпшілікке таныстыру болды. Іс-шара барысында студенттік ұйымдардың жыл бойы жүзеге асырған жобалары мен бастамалары таныстырылып, белсенді студенттердің еңбектері ерекше атап өтілді.
Кештің ашылу салтанатында колледж әкімшілігі сөз сөйлеп, студенттік парламент мүшелерінің белсенділігі мен жауапкершілігін жоғары бағалады. Олар студенттердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуы білім ордасының дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.
