«ТУРИЗМ» МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПРАКТИКА ҚОРҒАУЫ
2025 жылғы 4 ақпанда Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінде «Туризм» мамандығы студенттерінің практика қорғауы ерекше форматта өтті.
3-курс студенттері туризм саласындағы кәсіби дағдыларын көрсетіп, турагенттің жұмысында кездесетін күрделі тапсырмалар мен стандарттан тыс жағдайларды шешті. Олар бірегей тур бағдарламаларын әзірлеп, экскурсиялық маршруттар ұйымдастырып, сапар барысында туындаған күтпеген қиындықтарға жедел әрекет етуге тырысты.
Тәжірибе барысын әлеуметтік серіктестеріміз – шақырылған қонақтар бақылады. Олар болашақ мамандардың дайындығын жоғары бағалады.
Шараның қызықты бөлігі – корейлік дәстүрлі дальгона печеньесімен өткізілген ойын болды. Бұл сынаққа студенттермен қатар қонақтар да белсенді қатысты.
Ерекше сәт: 3-курс студенттері Тұрсынбеков Фархат пен Садуов Ниязбек марапатталды. AT Travel атты ат туризмі компаниясының өкілдері оларға спорттық туризмнің 3-разряд деңгейін растайтын сертификаттар мен жетістіктерінің құрметіне арнайы футболкалар табыстады.