Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Дуалды оқыту: жобаны жүзеге асыруға үш жақты көзқарас» іс-шарасы сәтті өтті!

ЕАГИ жоғары колледжінде дуалды оқыту жүйесін дамыту мақсатында ұйымдастырылған ерекше шара студенттерге тың тәжірибе мен құнды білім берді.
Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері бұл кеште белсенділік танытып, дуалды оқытудың артықшылықтары мен болашақ кәсіби даму жолдарын талқылады.
Шараға құрметті қонақтар қатысты:
– «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілі Уразгалиева Гаухар Мергеновна
-№87 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жәмиля Серікқызы
-2024 жылдың дуалды оқыту бағдарламасының түлегі Мұхамбет Аяулым✅️ Дуалды оқыту бағдарламасы бойынша әдіскер Сембина Сандуғаш Амановна
Кеш барысында дуалды оқытудың теория мен практиканы үйлестірудегі рөлі, студенттердің кәсіби дайындықтағы маңыздылығы және жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Қатысушылар құнды пікірлерімен бөлісіп, білім мен тәжірибенің үндестігін сезінді.
Білім – болашаққа инвестиция! Дуалды оқыту – сапалы маман даярлаудың кепілі!