Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

ЖРВИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ

10 қаңтар күні студенттік емхананың салауатты өмір салтын сақтау бойынша маманы 1 курс студенттеріне ЖРВИ-дің алдын алу тақырыбында лекция өткізді.
Кездесуде студенттер келесі ақпараттарды білді:
-Вирус жұқтырудан қалай сақтануға болады.
-Қыста иммунитетті қалай нығайту керек.
-Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда асқынулардың алдын алу үшін не істеу қажет.
Маман әрқайсымыздың денсаулығымыз қарапайым, бірақ маңызды әдеттерге байланысты екенін еске салды: қолды жиі жуу, дұрыс тамақтану, бөлмені желдету және физикалық белсенділік.
Тұмау маусымы қызу жүріп жатыр, сондықтан өзімізді және айналамыздағы адамдарды қорғауға тырысайық! Дендеріңіз сау болсын!