Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Жыл таңдауы – 2025

30 мамырда колледжімізде ерекше рухты, қуаныш пен мақтанышқа толы «Жыл таңдауы – 2025» мерекелік шарасы өтті. Бұл күн – жай ғана шара емес, студенттер мен ұстаздардың еңбегі мен талантын бағалауға арналған үлкен мереке болды.

Кештің басты мақсаты – колледжіміздің ең белсенді, дарынды, еңбекқор тұлғаларын марапаттап, олардың жетістіктерін ел алдында ұлықтау.
Салтанатты кеште:
Үздіктер марапатталды
Студенттер өз өнерлерін ортаға салды
Жарқын естеліктер мен фотосессиялар өтті
Арнайы қонақтардың өнері кешке көрік қосты

«Жыл таңдауы – 2025» – бұл колледжіміздің жүрегімен жазылған тарих, ұжымдық рухтың, ынтымақ пен шығармашылықтың жарқын дәлелі!