Еуразия гуманитарлық институты жоғары колледжінің президентін сайлау
2023 жылдың 17 ақпанында ЕАГИ жоғары колледжінде Президент сайлауы өтті. Колледж президентін сайлаудың негізгі мақсаты: студенттерді тәрбиелеуде, демократиялық өмір салтын ұстануда, өзара талапшылдықта, әлеуметтік әділеттілік сезімін, салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруда студенттік парламенттің рөлін күшейту болды.
Сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін әрбір студент пен оқытушы белгілі бір кандидатты қолдап, дауыс бере алады. Студенттік парламент президентінің қызметі мен функцияларын ашып көрсететін жұмыс бағдарламаларын ұсынған төрт үміткер болды. Дауыс беру нәтижесінде «Құқықтану» мамандығында оқитын ПР-12 тобының студенті Төлеутай Аңсар жеңіске жетті.
22 ақпанда колледж президентін ұлықтау рәсімі өтті. Аңсарды сайлаудағы жеңісімен құттықтаймыз! Сізге шығармашылық табыстар мен колледж студенттік парламентінің президенті ретінде белсенді және жемісті жұмыс тілейміз!