Жатақханада тұратын студенттерге арналған әлеуметтік-психологиялық тренинг
Студенттердің жатақхана шартына бейімделу процесі әлеуметтік өзгерістерге толы заманауи қоғамдағы өміршеңдіктің сан алуан аспектілерімен байланысты. Бейімделудің басты компонентіне студенттердің қалыптасуына оң немесе теріс ықпал ететін жаңа әлеуметтік орта, жаңа ұжым, оқу қатынасының жүйесі мен жаңа рөл жатады.
2018 жылғы 27 қарашада колледж психологі А.С.Бекетова жатақханада тұратын студенттерге арналған «Біз біргеміз!» атты тренинг өткізді. Тренингтің басты мақсаты – ұжым мен жатақханада тұратын білім алушыларды біріктіру, дамудың жаңа әлеуметтік жағдайына бейімдеу. Өзара әрекет етудіңтиімді тәсілдерін жетілдіру, бірігіп әрекет ету тәсілдерін қалыптастыру.
Тренинг қатысушыларының барлығы түрлі жаттығуларды орындады. Тренингтің бейформалды жағдайда ұйымдастырылуы негізінде студенттер өздері үшін де, өзгелер үшін де жаңа қырынан танылды. Тренинг барысында студенттер топ болып жұмыс жасады, ал топ құрамының өз кезегінде үнемі ауысып отыруы өзара бірігіп әрекет ету әрекетінің тиімділігін көрсете білді.