Қазақстан халқының тілдері күні – елдегі барша азаматтардың достығы, туыстық, бірлігінің белгісі!
«Тіл-ең күшті,
адамның адамгершілігінің айрықша белгісі,
оның ерекше қаруы!»
Ахмет Байтұрсынұлы
Қыркүйектің 19-ы мен 23-і аралығында Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында ЕАГИ жоғары колледжінде ана тілі мен түрлі халықтардың тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелейтін іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді: «Тіл – әр халықтың байлығы» қабырға газетін шығару, әдеби галерея «Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған Жас ақындар мүшәйрасы», Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» әдеби кеш, Литературная гостиная «Гармония великих», Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл – татулық белгісі» апталықтың жабылуымен қорытындыланды.
Барлық іс-шарада студенттер мен оқытушылар өздерін еркін сезініп, жақсы атмосферада эмоционалды-позитивті көңіл-күй тудырды. Іс-шаралар кезінде ұжымшылдық рухы болды. Табысқа студенттердің танымдық қызығушылығының жоғары деңгейі, олардың белсенділігі мен бірлігі арқасында қол жеткізілді.
Мұндай іс-шаралар біздің елімізде тұратын көптеген халықтардың мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрлерін жақсы білуге, сондай-ақ ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен Қазақстан халықтарының бірлігін сақтауға және нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз.
Тіл – халықтың амандығы, ұлттарды біріктіріп, ұйымшыл болуға көмектеседі!