Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы!

Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам, жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін мереке. Тамыры тереңге кеткен әз – Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмеген бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі!
17 наурызде ЕАГИ жоғары колледжінде Наурыз мейрамы тойланып өтілді. Мерекелік көңіл – күйдің көркін колледж студенттері әзірлеген театрландырылған көріністер, дәстүрлі ән мен би, ұлттық ойындармен концерттік бағдарлама болды. Көрермендер қазақ халқының салт – дәстүрімен, мәдениетімен танысып, қуаныш, жақсылық, бейбітшілік пен өркендеу сезімін сезінуге мүмкіндік алды.
Наурыз мерекесін тойлау концерттік бағдарламасынан кейін, мерекелік дастарханмен жалғасын тапты. 1 курс студенттері тәтті бауырсақтар мен ыстық көжеден дәм татып, керемет көңіл күйде болды. Бұл күн барлығына ұмытылмас әсер қалдырды!