Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Болашақ тәрбиешілер – бүгіннен!

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенттері, ДВк-31 тобы, «Тәрбиешінің өзіндік іс-әрекеті» атты кәсіби тәжірибесін сәтті аяқтап, шығармашылық жобаларын жоғары деңгейде қорғады. Бұл тәжірибе Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асқан маңызды қадам болды. Тәжірибе барысында студенттер: ✅ Балабақшадағы тәрбиеші рөлін толық сезінді ✅ Теорияны тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын жетілдірді ✅ Ұлт болашағы – бала тәрбиесінен

By - Колледж ЕАГИ

9 ақпан – қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күні!

Ұлы ақынның жырлары – мәңгілік мұра, жүрекке жақын сыр! Осы күнге орай, колледж студенттері Мұқағали жайлы өз білетін деректерімен бөлісіп, сүйікті өлеңдерін оқыды. Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында біз болашақ мамандардың тек өз ісінің шебері ғана емес, рухани бай тұлға болып қалыптасуын маңызды санаймыз. Өйткені нағыз білікті маман – жүрегі жырға, санасы білімге толы жан! Олай болса, жастардың пікірін бірге тыңдап,

By - Колледж ЕАГИ

Бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері «Жұмысшы мамандықтар қаласында»

Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттеріміз EXPO халықаралық көрме орталығында өткен республикалық «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысты. Бұл – ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған, заманауи технологиялар мен сұранысқа ие мамандықтарды біріктіретін ерекше шара. Ол жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, болашақ мамандықтарын айқындауға көмектесті. Фестиваль студенттерімізге не берді? ✅ IT саласындағы инновациялар және олардың жұмысшы мамандықтарындағы рөлі ✅ Цифрландыру мен

By - Колледж ЕАГИ

Ашық сабақ: шығармашылық әлеміне саяхат

12 ақпан 2025 жылы Пк-11 тобында ағылшын тілі апталығы аясында «Creative People (Art, Music, Literature)» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттер өнер, музыка және әдебиет саласындағы шығармашылық тұлғалардың еңбектерін талдап, олардың идеялары мен жаңашыл көзқарастарын зерттеді. Нәтижесінде студенттердің шығармашылыққа деген қызығушылығы артып, олардың өзіндік ойлау қабілеті мен эстетикалық талғамы дамыды.

By - Колледж ЕАГИ

Кәсіби бағдар – болашаққа қадам!

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледжіміздің оқытушылары – Байболова А.К., Канешова Г.Б., Ташмухамбетова О.А. – №51 мектеп-гимназиясының оқушыларымен қызықты кездесу өткізді. Шара барысында сұранысқа ие мамандықтар, мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, кәсіби білім әлемімен таныстыратын шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Кәсіпті таңдау – болашақты таңдау! Біз жас ұрпақтың өз жолын саналы әрі жарқын болашаққа жетелейтіндей таңдауларына көмектесеміз. Колледжімізге қосылыңыз, өз ісіңіздің шебері

By - Колледж ЕАГИ

САНАЛЫ ТАҢДАУ – САУЛЫҚТЫ БОЛАШАҚ!

12 ақпан күні «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында нашақорлықтың алдын алу бойынша маңызды кездесу өтті. Студенттер зиянды әдеттерден аулақ болу және жарқын болашақты таңдау жолдары туралы құнды ақпарат алды. Кездесудің құрметті қонақтары: Сартаева Нурия Нурлановна – Алматы ауданының УИП ОЮП ОМПС УП полиция лейтенанты Рахимова Лейла Гадыловна – Астана қаласы ДП УПН аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Мамандар нашақорлықтың қауіп-қатері,

By - Колледж ЕАГИ

Ашық сабақ: сән мен стиль әлемі

12 ақпан 2025 жылы ИЯк-41 тобында ағылшын тілі апталығы аясында «Fashion and Style» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттер сән мен стильдің негіздерін зерттеп, өз стильдерін қалыптастыру мен сән трендтерін талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде студенттер тек тілдік дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, эстетикалық талғамдарын дамытып, өзіндік стильдерін сенімді түрде көрсете білді.

By - Колледж ЕАГИ

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Дуалды оқыту: жобаны жүзеге асыруға үш жақты көзқарас» іс-шарасы сәтті өтті!

ЕАГИ жоғары колледжінде дуалды оқыту жүйесін дамыту мақсатында ұйымдастырылған ерекше шара студенттерге тың тәжірибе мен құнды білім берді. Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері бұл кеште белсенділік танытып, дуалды оқытудың артықшылықтары мен болашақ кәсіби даму жолдарын талқылады. Шараға құрметті қонақтар қатысты: – «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілі Уразгалиева Гаухар Мергеновна -№87 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жәмиля Серікқызы -2024

By - Колледж ЕАГИ

ТЕАТРАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР БАЙҚАУЫ: ӨНЕР, ТІЛ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ!

07 ақпан күні ИЯр21, ИЯк21, ИЯр31 топтарының студенттері шет тілдері пәндік бірлестігінің онкүндігі аясында өз таланттарын сахнада жарқырата көрсетті! Жарқын бейнелер, әсерлі ойын және шынайы эмоциялар – мұның барлығы байқауды ұмытылмас оқиғаға айналдырды! Қатысушыларға керемет қойылымдары үшін және Тасбулатова Л. С.-ға ұйымдастыруы үшін алғысымызды білдіреміз! Өнер – біріктіреді, ал тіл – жаңа көкжиектер ашады!

By - Колледж ЕАГИ

Қонақжайлылықтың болашағы – сенімді қолда

«Қонақ үй бизнесі» мамандығының 2-курс студенттері алғашқы өндірістік тәжірибелерін сәтті қорғады. Олар алған білімдері мен қонақжайлылық индустриясында аса маңызды кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. КАЗЖОЛ қонақ үйінің өкілдері студенттеріміздің дайындығын жоғары бағалап, алғыстарын білдірді. Бұл олардың болашағы жарқын, мансап жолында жаңа мүмкіндіктер мен табыстар күтіп тұрғанын білдіреді. Айслу Зейнұловна, сізге еңбегіңіз бен болашақ мамандарды даярлаудағы үлесіңіз үшін үлкен рақмет.