6 ақпан күні Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінде «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Интернет және ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары: • «Жас Толқын» жастарды әлеуметтік қорғау және алдын алу орталығының бөлімшесі, • Астана қаласының №3 қалалық емханасы. Дөңгелек үстелге қатысушылар: • Алдын алу бөлімінің мамандары, • Астана қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасының өкілдері, •
ЕАГИ Жоғары колледжінің студенттері Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған «Айбарлы Ұрпақ» әскери-спорттық сайысында Астана қаласындағы колледждер арасында І орынға ие болды! Бұл жеңіс – біздің командамыздың бірлігі, рухының мықтылығы және табандылығының жемісі. Біз тек сайысқа қатысып қойған жоқпыз, бейбіт болашақ үшін күрескен батырларға құрмет көрсеттік. Барлық қатысушыларға және бізді қолдап, бағыт-бағдар берген Жусипбеков М.Т.-ға үлкен алғысымызды білдіреміз! Біз –
Болашақ тіл мамандары мен ұстаздары үшін маңызды кезең аяқталды! КЯЛ-32 тобының 3-курс студенттері «Байқау және бақылау» тәжірибесін абыроймен қорғап шықты. – Не үйренді? – Сабақтың түрлі формаларын тиімді ұйымдастыру – Инклюзивті оқытудың заманауи технологиялары – Сабақ талдау үлгілері және оны тәжірибеде қолдану Тәжірибе – білімнің бастауы! Студенттер теорияны тәжірибемен ұштастырып, өздерінің кәсіби деңгейін жаңа белеске көтерді. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Болашақта
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенттері «Педагогикалық рефлексия» атты бірегей педагогикалық тәжірибеден өтті. Бұл практика «GvidonTour» туристік компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Дәстүрлі сабақтардың орнына – Астана кәсіпорындарына кәсіби бағдар беру турлары өткізілді! Студенттер қандай жұмыстар атқарды? • Қаланың жетекші кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастырды. • Мектеп оқушыларының болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесті. • Педагогикалық және ұйымдастырушылық дағдыларын дамытты. Бұл мемлекеттік
2025 жылғы 4 ақпанда Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінде «Туризм» мамандығы студенттерінің практика қорғауы ерекше форматта өтті. 3-курс студенттері туризм саласындағы кәсіби дағдыларын көрсетіп, турагенттің жұмысында кездесетін күрделі тапсырмалар мен стандарттан тыс жағдайларды шешті. Олар бірегей тур бағдарламаларын әзірлеп, экскурсиялық маршруттар ұйымдастырып, сапар барысында туындаған күтпеген қиындықтарға жедел әрекет етуге тырысты. Тәжірибе барысын әлеуметтік серіктестеріміз – шақырылған қонақтар бақылады. Олар
31 қаңтар 2025 ж. күні Тр-11 тобында «Қазақ тілі» пәні бойынша Сембина Сандуғаш Амановнаның «Зиянды әдеттер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Қазақ тілі сабағы тек тіл үйрету ғана емес, өмірлік маңызы бар мәселелерді талқылау алаңы! Сембина Сандуғаш Амановна өткізген ашық сабақта студенттер зиянды әдеттердің адам денсаулығына, болашағына, қоғамға әсері туралы ой қозғап, өз пікірлерімен бөлісті. Сабақ барысында пікірталастар, сұрақ-жауап, талдау жұмыстары
30 қаңтар күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Суминова О.Г. педагогикалық шеберліктің нағыз шыңын көрсетті! Бұл сабақта студенттер жай ғана білім алып қоймай, ойланды, талдады, шығармашылықпен айналысты. Кезең-кезеңмен ұйымдастырылған жұмыстар мен мұқият әзірленген тапсырмалар әрбір студентке өзін көрсетуге мүмкіндік берді. Интеллект, эмоция, рефлексия, ынтымақтастық – осы төрт ұғым сабақтың басты кейіпкерлеріне айналды! Шығармашылық атмосфера мен оқытушының жылы қарым-қатынасы шабыттандыратын
30 қаңтар күні «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты Қазақ және орыс тілдері пәндік бірлестігі апталығының онкүндігі аясында Қазақша QUIZ интеллектуалды сайысы өтті! Бұл жай ғана сайыс емес – бұл: -Ақыл-ой аламаны -Қызықты сұрақтар мен тапқыр жауаптар -Ұлттық рухты ұлықтау -Көңілді кеш пен ұмытылмас эмоциялар! Мақсатымыз? -Қазақша интеллектуалды ортаны қалыптастыру -Білімді жастарды анықтау -Ұлттық құндылықтарды дәріптеу Болашақ – білімді жастардың
Онкүндік жоспары аясында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Калиоловна жетекшілігімен ерекше саяхат сабақ өтті! -Студенттер Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығымен терең танысып, оның әдеби мұрасына саяхат жасады. – Қазақ әдебиетінің алыбы қалдырған ойлы туындылар талқыланып, шығармаларының маңыздылығы кеңінен қарастырылды. – Сабақ барысында оқушылар жазушының өмірі мен еңбектері туралы қызықты деректерді біліп, әсерлі пікір алмасты. Мұндай танымдық сабақтар – әдебиетке деген
28 қаңтар күні колледжімізде қазақ және орыс тілі пәндерінің онкүндігі аясында «Бір мақал – бір бауырсақ» ойынын өткіздік. Оқытушылар мен студенттер бір мақал айту арқылы бір бауырсақ ұтып алды. Бұл ойын ойлау қабілетін дамытуға және ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға үлкен септігін тигізді. Мақалдар айтылған сайын, қатысушылар арасында күлкі мен жылулық орнап, әркім еркін әрі қызықты мақалдар айтып жатты. Осындай