Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Академиялық дербестік шартында модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу

2022 жылдың 31 қазанында «Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі» базасында «Академиялық дербестік шартында модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу» семинары өтті. Бұл семинарға «Талап» КЕАҚ өкілдері шақырылды: Құлмұрат Жанаргүл Құрманғазықызы және Жумабекова Марина Олжабаевна, ТжКОБ мазмұн Басқармасының бас менеджерлері.

Семинарға қатысушыларға – арнайы пән оқытушылары мен колледж әкімшілігіне ТжКБ ұйымдарына академиялық дербестікті енгізу, ТжКОБ білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезеңдері туралы ақпарат берілді.

Аудитория сұрақтарын ескере отырып, білім беру саласы мен еңбек нарығында оқу нәтижелеріне бағдарланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып, «Аударма ісі» мамандығы бойынша «Аудармашы» біліктілігіне функционалдық талдау жан-жақты қарастырылды.