Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Атпен серуендеу

ЕАГИ жоғары колледжі мен «At-Travel» компаниясы арасындағы ынтымақтастық өзінің жалғасын тапты. Біздің серіктестер Қазақстан ат спорты федерациясының базасындағы «Бұйратау» ұлттық саябағына саяхат ұйымдастырды. Бір күндік саяхат бағдарламасына: бағдарлау экскурсиясы, құрал-жабдықтармен жұмыс, атпен серуендеу, ұлттық салт-дәстүрдегі түскі ас кірді.
Атпен серуендеу – туристер үшін таза ауада табиғатты тамашалауға, жануарлармен араласуға және қайталанбас өмірлік тәжірибеге ие болу мүмкіндігін береді.
Ішкі ат туризмін дамытумен айналысатын әлеуметтік серіктестеріміз «At-Travel» компаниясы «Туризм» мамандығының 2-курс студенттеріне өндірістік оқыту аясында ат спортын меңгеруде тәжірибелік дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді.