Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде «Негізгі орта білім беру» мамандығы «Шетел тілі мұғалімі»3 курс студенттері «Байқау және бақылау» тәжірибесінің корытынды есеп конференциясы өтті. Студенттер Нұр-Сұлтан қаласы 54 мектеп -лицейінде бөлінген сыныптары бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) жоспарын алып, танысып, тәжірибе жоспары бойынша әдістемелік папка жасақталды. Критериалды бағалау қағидаттарын және критериалды бағалау жүйесінің мазмұнымен танысты . Студенттер мектептің
8-9 желтоқсан аралығында Пдк-21 студенттері Жанысбек Бекзат пен Баданова Салма, Искс-21 Арыстан Шыңғысхан Нұр-сұлтан 2021 дебат клубына қатысты. Ұйымдастырушылар:»Астана Жастары».
2021 жылдың 4 қарашасында Кял 11,12,13 және Ияк-11,12 топтарының 1-курс белсенділері колледж президенті Жанысбек Бекзатпен бірге 8-9 жасқа дейінгі балаларға арналған концерттік нөмірлер мен ойындармен көңілді спектакль өткізді. Бұл іс-шара Сәкен Сейфуллин 67 мекен-жайы бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған орталықта өтті.3 жастан 9 жасқа дейінгі балалар шамамен 20-25 болды.
Кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру, студенттердің кәсіпкерлік қызмет саласындағы білім деңгейін арттыруды мақсат еткен «ENTREPRENEUR plus EAGI» студенттік кәсіпкерлік ХАБ орталығы биылғы оқу жылында өз жұмысын жалғастырды. 2021 жылдың 27 қыркүйегінде Педагогикалық кеңесте студенттер кәсіпкерлік бойынша жұмысының алғашқы нәтижелерін көрсетті және шығармашылық экономиканың келесі бағыттары бойынша мұғалімдерге шеберлік сабақтарын өткізді: 1. «Сәндік-қолданбалы өнер», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттеріне арналған кәсіби
Жаңа 2021-2022 оқу жылының 15 қыркүйегінде жоспарға сәйкес педагог-психологтың ұйымдастыруымен ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту, ұжымға деген жағымды көзқарасты қалыптастыру, жұмысқа құлшыныстарын ояту мақсатында «Жаңа оқу жылын жағымды көңіл-күйде бастайық!» атты ұстаздарға арналған тренинг өтті. Тренинг барысында колледж ұстаздары шаттық шеңберін құрып, өз ұрандарымен бөлісе отырып, бойындағы керемет қасиеттеріне тоқталып өтті. Тренингте «Шеңберден өту» ойыны, «Сіз қандай жұмысшысыз?» тесті, сергіту сәті,
2021 жылдың 1 қыркүйегінде Білім күніне арналған концерт өткізілді. Ұйымдастырушылар: ЖІК және Студенттік Парламент.
«DE FACTO – GROUP» командасын 2021 жылғы 20 мамырда өткен «Медиация және құқық негіздері» республикалық турнирінде 2-орын алғаны үшін құттықтаймыз. Конкурс жеңімпаздары болып Легкодимов Эмиль (команда капитаны және «Медиация» өлеңінің авторы), Даулетова Саида, Алибай Ислам, Рыспаева Дарина, Малгаждарова Жанель және Галиева Меруерт өнер көрсетті.
0511000 «Туризм» мамандығы бойынша Тр-31 тобында ZOOM платформасында Қонақжайлылық және сервис индустриясы кәсіпорындарында өндірістік практикадан өту туралы баяндамаларды қорғау бойынша қорытынды онлайн-конференция өтті. Студенттер оқытудың модульдік форматы және арнайы пәндер бойынша өткен материал шеңберінде қажетті дағдылар мен іскерліктерге ие болды. Қорғау аяқталғаннан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баймұханбетова Гүлжан Хамитқызының қатысуымен практикалық сабақтар кезінде проблемалық мәселелерді белсенді талқылаумен рефлексия